HAQ TURAN

«ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ» ТҮПНҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ШЫНАЙЫ ШЕЖІРЕ

Алтын — бөлім / топ Көк — кісі / ата-баба Жасыл — ру / тайпа Күлгін — ескерту
Шежірені толық көру үшін көлденең сырғытыңыз

Бұл сызба — «Жамиғ ат-тауарихтың» бірінші томындағы түркі ру-тайпаларына қатысты шежірелік мәліметтердің қысқа сығындысы. Кітапта кімнен кім тарағаны, қай ру қай тармаққа жататыны ұзын, шұбалаң мәтін түрінде берілген. Сол еңбек ішінде шашырап жатқан шежірелік мағлұмат оқырманға түсінікті болу үшін оны бұтақ тәрізді көрнекі, ықшам сызбаға түсірдім.

«Жамиғ ат-тауарих» кітаптары
Толығырақ

Сызба 2018 жылы шыққан академиялық қазақша аударма негізінде жасалды. Бұл аударма Тегеранда сақталған, Рашид ад-Диннің көзі тірісінде жазылған көне парсы қолжазбасына сүйенеді. Яғни бұл жерде негізге алынған мәтін — кейінгі көшірме емес, ең сенімді түпнұсқа.

Қазақша аударманың басты артықшылығы — мәтін еркін өзгертілмеген. Аудармашылар түпнұсқаны өз ойымен түсіндіріп емес, мүмкіндігінше сөзбе-сөз, қаз-қалпында аударған. Ру, тайпа, адам және жер-су атаулары да түпнұсқадағы жазылуы мен дыбысталуына барынша жақын берілген.

Бұл дәлдік өте маңызды. Өйткені орыс, кеңестік және кейбір батыс аудармалары көбіне кейінгі көшірмелерге сүйенген. Ол көшірмелердің біразында көне түркі-мұғул атауларын дұрыс оқуға қажет әріптер мен белгілер толық болмаған. Соның кесірінен көптеген есімдер мен ру-тайпа атаулары бұрмаланып оқылды.

Бұған қоса, кеңестік дәуірде Шыңғыс қаған мұрасы мен түркі тарихы кеңестік саяси және идеологиялық көзқарасына сай түсіндірілді. Соның салдарынан түпнұсқадағы барлық шежірелік байланыстар көмескіленіп, ру, тайпалардың түркілік тегі бұрмаланып, өшірілген.

Сондықтан бұл сызба кездейсоқ пікірге немесе бұрмаланған аудармаларға емес, түпнұсқаға ең жақын қазақша мәтінге сүйеніп жасалды. Негізгі мақсат — түркі ру-тайпаларының шежіресін мүмкіндігінше анық, түсінікті және бұрмаламай көрсету.

Сызбаны жинақтау жұмысын жасанды интеллектінің көмегімен және өз білімім мен түсінігім шеңберінде атқардым. Егер сызбадан «Жамиғ ат-тауарих» қазақша аудармасының мәтініне сай келмейтін нақты қате байқасаңыз, Telegram арқылы хабарласуыңызды өтінемін. Дәлелді ескертулер мен түзетулер міндетті түрде қаралады.

Осы шежіреге негіз болған қазақ академиялық аудармасының электрондық нұсқасын, яғни барлық томдарын HAQ TURAN Telegram-арнасынан тегін жүктей аласыз. Ол арнаның ең жоғарғы алғашқы жарияланымында орналастырылған.

ТЕГІН ЖҮКТЕУ
«Жамиғ ат-тауарих» қазақ академиялық аудармасының томдары
Қайрат Қазақ

Қайрат Қазақ

Ардақты ағайын!

Алдыңыздағы шежіре — бұл жолдың алғашқы қадамы ғана. Жоспарда — түркі әлеміне арналған, талай қызықты әрі ауқымды жобалар бар.

Толығырақ

Менің басты мақсатым — түркі дүниесінің тарихын, мәдениетін, саясатын және өзге де маңызды салаларын қамтитын халықаралық деңгейдегі қуатты медиа платформа қалыптастыру.

Бізге жай ғана ақпарат тарататын алаң емес, елдің рухын оятып, санасын серпілтетін орта қажет. Өйткені еңселі халықтан намысты көкжалдар мен айбатты арыстандар көп шығады. Ондай елді ешкім бодан ете алмайды. Ол халық үшін алынбайтын қамал да, бағынбайтын белес те жоқ.

Болашақта HAQ TURAN арнасын әлемнің мықты түркітанушы ғалымдардың басын қосатын ірі ғылыми әрі рухани орталыққа айналдыруын мақсат етіп отырмын. Сол арқылы Шыңғыс хан бабамыздың түркілік тегін ғылыми негізде дәлелдеп, халықаралық тілдерде, сапалы көркем және деректі фильмдер арқылы бүкіл әлемге танытып, насихаттап, тарихи әділдіктің орнауына өз үлесімізді қосуды мақсат етемін. Аруақ разы болмай, тірі байымас, дегендей.

Бірақ «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас». Осындай ауқымды істерді жүзеге асыру үшін үлкен қолдау мен қаражат қажет.

Сіздердің әрбір 500-1000 теңгеңіз немесе репостыңыз — бұл мақсатқа қосқан нақты үлесіңіз. Қаржылай көмек көрсеткен әрбір жан — HAQ TURAN-ның тірегі.

Қолдау деректемелері:

Kaspi Gold:

4400 4303 1660 7149

Кайрат М.

Temu арқылы қолдау

Егер сіз Temu-дан тұрақты түрде тауар сатып алып жүрсеңіз, келесі сатып алуыңызды менің сілтемем арқылы жасаңыз. Сіз үшін баға өзгермейді, ал мен 3% серіктестік комиссия аламын. Осылайша сіз HAQ TURAN жобасына қолдау көрсетесіз. Рахмет!

Temu арқылы қолдау

Бұл серіктестік сілтеме. Сіз үшін баға өзгермейді, ал жобаға қолдау болады.